Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)

Сәрсенбі, 4 Қаңтар , 2017 13:07

Йоркширдың батысындағы Уэйкфилд қаласының тұрғыны Клэр Каннингемнің денесінен ісік табылған-ды. Оның қиналғаны соншалық, күні-түні өлімді тілеумен болған екен. Дәрігерлер де науқастан үмітін үзіп, оған соңғы күндерін үйінде өткізуге кеңес берген.

кау

Бұл туралы Тһе Sun басылымы хабарлайды.

Алты апта бұрын Клэр өлім аузында жатқан болатын. Таңғажайыптың арқасында ол өзін аман сақтап қалды. Оған осы жолда достары Адам Сэйерс пен Джейн Томсон көмектесті. Клэр айналасындағыларға Германиядағы “Hallwang” деп аталатын емдеу түрі туралы айтқан екен. Алайда ешкім оның сөзіне мән бермеген. Мамандар бұл емдеу түрінің де көмектеспейтінін айтқан.

“Ұлыбритания дәрігерлері мені құтқарып қалды. Олар бірінші кезекте жан-дүниемді емдеуге кеңес берді. Мен тұратын өлкенің дәрігерлері жақында өміріммен қош айтысатынымды айтқан болатын. Артынша өз бетіммен “Hallwang” тәсілі туралы іздене бастадым. Өлімге мойынсұнғаным басыма өз еркіммен қару кезегенмен бірдей болатын еді. Ұстамаларымнан кейін Германияда оянғаным есімде. Достарымның мені аталған елге апарып тастағандарына қайран қалдым. Небәрі 10 күннің ішінде мен жүре бастадым. Әлі күнге дейін бұған сене алар емеспін”, – дейді Клэр.

nintchdbpict000291761593

Иммунотерапия ісікпен күресуге көмектеседі. Ұлыбританияда “Hallwang” тәсілін алдымен жануарларға қолданып көрген. Бүгінгі таңда олар адамдарға да тәжірибе жүргізіп жүр. Мұнымен қатар, америкалық ғалымдар иммунотерапияның бүйрек, қуық, бас және мойын ісігі кезінде жақсы көмектесетінін байқаған. Бірақ Британиядағы ісікпен ауыратын адамдар тәжірибенің өзіне ақша төлеуге мәжбүр. Мемлекет оларға бұл мәселеде көмектесе алмайды.

nintchdbpict000291771864

“Клэр сол сәтте қатты ауырып тұрды. Тіпті, Германияға аман-есен жете алатынымызға күмәнім болды. Ол өлім аузында жатқан еді. Бірақ біз 50 жас мерейтойларымызды бірге тойлаймыз деп келісім-шарт жасасқан едік. Яғни оның өлімді таңдауға құқығы болмады”, – дейді Клэрдің досы Джейн.

nintchdbpict000291771866

Клэр сүт безі ісігіне шалдыққан болатын. Ол Германияға өткен жылдың 22 қарашасында барды. “Есімді толықтай жинап үлгермегенмін. Өзімді кезекті демалысқа кетіп бара жатқандай сезіндім. Себебі, өзіммен бірге бәтеңке, бикини алған болатынмын. Алғашқы күні клиникада Джейн қасымда отырды. Ол мені сол түні жоғалтамын деп ойлады”, – дейді Клэр.

nintchdbpict000291771949

Иммунотерапия – көптеген ісік ауруына шалдыққан адам үшін таптырмас ем. Алайда Клэр емделу үрдісінің айтарлықтай ауыр болатынын айтып жатыр. “Кеудемде ісік барын білген кезде өмірім түбегейлі өзгерді. Көбірек жаяу жүріп, табиғи тамақтар тұтына бастадым”, – дейді ол.

nintchdbpict000291771867

Клэрмен бірге Германияға анасы да барған екен. Ол қызының емі үшін үйін сатқан. Терапияның құны – 300,000£. Клэр өзіне жуырда өлетінін айтқан Британия дәрігерлерімен соттаспақ болған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Еркектердің әйелдерден жасыратын құпиялары қандай?

Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады

Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды

Ресейде 36 жастағы келіншек лидокаин екпесінен кейін көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар