Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында босану кезінде әйел мен сәбиі қайтыс болды

Рудныйда 24 желтоқсан күні қайғылы оқиға орын алды. 29 жастағы әйелдің босану кезінде жүрегі ұстап қалған.

11257712

Фото: Кирилл Брага

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Ол уақытысында босанып қалған. Оның жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар өз нәтижесін бермеді. Оның нәрестесі де шетінеп кетті. Бұл қайғылы оқиғаға жол бермеуге тырысып баққанымен, дәрігерлер екеуінің де өмірін құтқарып қала алмады”, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы бала мен ананы қорғау бөлімінің басшысы Елена Нидерер.

Олардың өлімі бойынша денсаулық сақтау басқармасы медициналық бақылау және фармацевтика комитеті департаментіне Рудныйдағы перзентханада тексеру жүргізу туралы өтініш түсірді.

Қазір онда тәуелсіз сарапшылардан құралған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жыл басынан бері Қостанай облысында орын алып отырған үшінші ана өлімі.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда полицейді әріптесін өлтірді деп айыптады

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

Ақтауда кездейсоқ жүргіншілер алапат өрттен екі баланы құтқарып қалды

Талқылау