Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

Сот өз баласын өлтірді деген күдікпен Үштөбе аулының тұрғындарын қамауға алуға шешім шығарды деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

802056

“Новый Вестник” жергілікті басылымының мәліметі бойынша, 2016 жылы 2 ақпанда ер адам бірге тұратын әйелінің екі жасар қызымен Үштөбе аулынан бір шақырымдай қашықтықта далада келе жатқан. “Қыз ер адамға ілесе алмай, қалып қоя береді. Сол кезде ол баланы далаға тастап, үйіне кетіп қалады. Болжам бойынша, ер адам мас болған. Таңертең ерлі-зайыптылар айығып, қызды іздеуге барады. Сөйтіп, оның өлі денесін тауып алады. Ол түнде үсіп қалған екен”, — деп хабарлайды басылым.

“Қазыбек би аудандық соты бұлтартпау шарасы ретінде 99-бап “Кісі өлтіру” бойынша күдіктелген ер мен әйелді қамауға алу өтінішін қарастырды”, — деп хабарлады Жітікова. Сот қаулысымен күдіктілер 20 желтоқсан күні екі айға қамауға алынды.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық қыз өзін күштеп әкеткен жігіттің көлігінен секіріп мерт болды

Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады

Баян Есентаеваның кіші қызы көпшілікті өнерімен таңғалдырды (видео)

Министр жантебірентерлік хат жазған оралман қызға көмектесті

Талқылау