Министр жантебірентерлік хат жазған оралман қызға көмектесті

Жұма, 23 Желтоқсан , 2016 15:09

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдаған Мейіргүл Ұларбектің өтініші орындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161223113616

“Ішкі істер министрлігі хат арқылы ҚР СІМ консулдық қызмет департаментіне өтініш жасады. Онда Қазақстанға келу үшін қыздың ата-анасы Ұларбек Сәмет пен Оралхан Тұрсынға виза беру керектігі қарастырылған”, – деді “Нұр Отан” партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі Ауыт Мұқибекұлы.

Кеше 22 желтоқсанда “Нұр Отан” партиясы қоғамдық қабылдау бөлімі Мейіргүлдің ата-анасына хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізген. Олардың Қазақстанға келуі үшін арнайы виза берілген. Енді ата-анасы қыздарымен кездесе алатын болды.

20161223113605

Еске сала кетсек, оралмандар отбасынан шыққан 9 жасар Мейіргүл ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан ата-анасының Қазақстанға оралуы үшін көмектесуін өтінген болатын. Оның хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртып, жанашырлығын оятқан.

Бұған дейін көптеген оралмандардың миграциялық заңнаманы бұзуына байланысты Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғандығы да хабарланған. Олардың арасында Мейіргүлдің ата-анасы да бар. Жалғыз қалған қыз Алматыда туыстарының үйінде тұрып жатыр екен. Ол жағдайының барлығын ішкі істер министріне жолдаған хатында анықтап жазған.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда баланы қағып өлтірген азамат жазаланбайтын болды

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер

iPhone жарылып зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны адам шошырлық жарақатын көрсетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар