Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады

ВКонтакте желісінде тыңдармандары халықтың сүйікті әншісі Роза Рымбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

image33832

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

«Роза Рымбаева жол апатында қайтыс болды», – деп жазды Vk.com қолданушысы Сейітжан Өмірзақ.

ce97fb0de72de14719a1e933800236b6

Мұндай қайғылы хабарламаны әншінің басқа жанкүйерлері де өз парақшаларында бөлісті.

Ал, халық әртісі Роза Қуанышқызы дін аман. Бірақ, мұндай орынсыз қалжыңды жауапсыз қалдырмаймын деп отыр.

e46219b4e35d9c4782425a35e7c37d28

«Демек, мен ұзақ өмір сүремін (күледі). Алайда, мұндай қауесет таратқан адамның есі дұрыс емес және қалжыңдасуды білмейді екен. Енді соттасамыз», – деді Роза Рымбаева.

d8e93617974262ff45564186f2de109d

Дәл қазір әнші Астанада, кейін Атырауға концертке барады. Ал, ертең Алматыда болады.

Жіберіп алмаңыз:

Көпшілік Айгүл Иманбаеваны Баян Есентаевамен шатастырып алды (фото)

Қазақ әншісінің суреті Нью-Йорктың танымал журналына басылып шықты (фото)

Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Талқылау