Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген

Бейсенбі, 22 Желтоқсан , 2016 11:30

Әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадо Сахиеваның арасындағы дау әлі де жалғасуда. Дизайнер намысына тиетін сөз айтқан әншіні сотқа берген. Бүгін Алматыда алғашқы сот отырысы өтетін болады, деп хабарлайды Stan.kz.

жадошан

Бұл туралы дизайнердің өзі желідегі парақшасында хабарлады.

«Өздеріңіз естігендей, осындай жағдай болып қалды. Мен ешкімді ренжіткім келмейді. Өзімде 4 жоғары білімім бар. Өзім заңгермін, сәнгермін, хореографпын және продюсермін. Мен өзім қазақтың қарапайым қара домалақ қызымын. Сондықтан да мақтанғым келмейді. Көбінесе іспен дәлелдегіміз келеді. Ауыр тиді сөздері. Халқыма айтқым келеді, кез келген сөзді, тіпті, инста-парақшада болсын, әдемілеп, мәпелеп жеткізуге болады.

Мені білімсіз деп жатыр, сондықтан да мен білімділігімді көрсеткім келеді. Заңды түрде шағым түсірдік», – деді дизайнер отандық музыкалық арналардың біріне берген сұхбатында.

Дизайнердің айтуынша, оның діттегені қаражат өндіріп алу емес. Тек ел алдында абыройына нұқсан келтірген әнші лайықты жазасын алса дейді.

«Мәселе қаражатта емес, мәселе көңілде. Менің ойым ол кісі халыққа айтса… Ол мені білмейді емес, жақсы біледі. Досым деп айта алмаймын, әрине. Жасы үлкен, көргенділігі көп. Неге ондай жағдайға түстік, өзім де түсінбеймін. Ештеңе айтпай-ақ қояйын, заңды түрде оқығанымды көрсетейін», – деп түйіндеді Жадо.

Айта кетейік, бір топ дизайнерлер отандық бағдарламаға берген сұхбаттарында ең талғамсыз әнші деп Меруерт Түсіпбаеваны атаған. Оны естіген әнші ашуланып кетті. Сөйтіп, Аида Кауменованың алқасын «сапасыз» деп, ел алдында масқаралады. Ал Жодоны дизайнер ретінде қабылдамайтынын, оны білімсіз әрі сауатсыз санайтынын айтты. Сол сияқты оның дене бітіміне қатысты мін тақты.

Жіберіп алмаңыз:

Жәния Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді (видео)

Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Сүйіп қалсам жасы 70-те болса да маңызды емес

Марат Омаров екі әйелінен туған балалары туралы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар