Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Қайрат Нұртастың концертінде жаңа дуэттің тұсауы кесілді. Әнші арманына жетіп, өнердегі үлгі тұтар ағасы Мейрамбек Бесбаевпен бірге дуэт орындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейінгі концерттерінде шетелдік әншілермен бірге дуэт айтып, сынға қалған Қайрат Нұртас бұл жолы өзіне серік ретінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарын таңдаған.

Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртастың орындауындағы «Неге сүйемін?» әні көпшіліктің көңілінен шыққан ұқсайды.

Әншейінде бір орында тұрып байсалды кейіпте ән салатын әнші Мейрамбек Бесбаев та інісінің ән кешінде ашыла түскендей көрінді.

Жаңа туындының авторлары – Ғазизхан Шекербеков пен Қуаныш Жаманқұлов.

мейрамбек газз_7

Ал тыңдармандар қос әншінің бірге ән айтқанына тәнті болды. Көпшілік Мейрамбек Бесбаевпен бірге ән айту кез-келген қазақ әншісінің арманы екенін алға тартып, оның ізін басып келе жатқан Қайрат Нұртасқа сәттілік тіледі.

 

Видео опубликовано @m_besbaev

Қайрат Нұртастың концерті мейрамханадағы отырыспен аяқталды (фото)

Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)

 

Талқылау