2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда орталықтары және тамақтану орындары қалай жұмыс істейді
Бүгін, 2 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта елорданың бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, дәріханалардан, азық-түлік дүкендерінен, байланыссыз жолмен қызмет көрсететін нысандардан және "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандарының көпшілігінің жұмысына тыйым салынғанын айта кету керек.
Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен қала орталықтарына кіру тек Ashyq жүйесіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл нысандардың жұмыс кестесі — таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар сенбі және жексенбі күндері бұл нысандардың жұмысына тыйым салынады.
"Фудкорттар жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынған. Ал дүйсенбі-жұма күндері адам санын 50 орыннан асырмай сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей алады. Жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін тамақ жеткізуге және өзімен алып шығуға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар мен ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады", — делінген қаулыда.
Сонымен қатар Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары — мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, асханалар орналасқан жеріне қарамастан тамақ жеткізу немесе алып шығу қызметтерін көрсете алады.
Ashyq жобасына қатысушыларға тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Бұл ретте мекеменің ішінде және ашық ауада толтырылуы 50 пайыздан аспауы керек, бірақ орын саны 50-ден асып кетпеуі тиіс.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.
Сондай-ақ Алматыда Ashyq қатысатын сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне жұмыс күндері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Кафелер, кофеханалар, мейрамханалар, асханалар, жазғы алаңдар 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бірақ 50 орыннан аспауы керек. Сонымен қатар бұл тамақтану орындарының сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері 7:00-ден 20:00-ге дейін, 50 пайыздан артық толмауы керек. Сондай-ақ 50 орыннан аспауы керек. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
