Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 млн доллар талап етіп отыр: Кутаисиде қарулы азамат банк бөлімшесіндегі адамдарды кепілге алды

Кутаиси қаласының орталығындағы Грузия банкіне қарулы шабуыл жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған азамат қарапайым азаматтар мен банк қызметкерлерін кепілге алып, 2 млн доллар талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Новости-Грузия порталына сілтеме жасап.

Кутаиси банк 2022

Журналистер онға жуық адамның тұтқынға түсіп қалғанын болжайды.

Куәгерлердің сөзін ескерсек, шабуылшы жалғыз өзі әрекет еткен. Бірнеше адам атыстың дауысын естігенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта банк бөлімшесі маңындағы аумақ қоршауға алынды, оқиға орнына арнайы жасақ жұмылдырылған.

Грузияның Ішкі істер министрлігі тонау фактісін растайды, бірақ қазіргі кезеңде олар қосымша мәліметтерді айтудан тартынып отыр.

Талқылау