"2 миллион теңгеге сөмке аламын": Маржан Арапбаева брендке қызығатынын жасырмайды
Танымал әнші Маржан Арапбаева өте қымбат киімдер киетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі журналист Әйгерім Сейфолламен сұхбаттасып, жеке өмірінен сыр шертті.
“Өмір бір-ақ рет беріледі. Сол үшін де бүкіл дүниені көргім келеді. Бұрын жағдайым болмағанда қымбат дүниелерге әуес емес едім. Қазір қатты қызығамын. Сатып алғанда менен бақытты адам болмайды. 2 миллион теңгеге сөмке сатып аламын. Бұл маған ләззат сыйлайды. Дүкен аралағанды жақсы көремін. Жақында Оңтүстік Кореяға барып келдік. Бір чемоданмен кетіп, 4 чемодан киіммен келдім. Бір чемодан аяқкиім сатып алуым мүмкін. “О, Louis Vuitton-соңғы үлгідегі сөмкесін алғансың ба?” деп менен біреу сұраса, менің соған көңілім көтеріліп қалады. Қызым да мен сияқты қымбат дүниені жақсы көреді”, – деді әнші.
-
"Көлікте күтіп отырады": Маржан Арапбаева алғаш рет күйеуі туралы айтты
-
Америкадан келген қонақтар Маржан Арапбаеваға ерекше алқа тарту етті
Сондай-ақ жолдасының да қамқорлығын айтып өтті.
“Қаншама қымбат дүние алсам да, жолдасым қарсы болған емес. Ондай дүниенің артында сапа жатыр. Қазір жағдайым дұрысталды. Жақында филармония жанынан пәтердің кілтін алдым. Жеке көлігім мен пәтерлерім бар. Жолдасым өнерімді қолдайды. Керісінше, ол маған “Елдің алдында жүрсің” деп қымбат сыйлықтар жасайды”, – деді Маржан Арапбаева.
Еске салайық, эстрада жұлдызы бірінші күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтқан еді.