“2 матчта жеңіліп қалдық”: Өзбекстанға есе жібергеннен кейін бас бапкер қызметінен кетті
Фото:kff_team
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға бапкері өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денис Мамоновтың шәкірттері Англия мен Андорро артынша Өзбекстан командасынан қатарынан екі рет жеңілді. Осыдан кейін бапкер өткен матчтарды қорытындылап, баспасөз мәслихатына сұхбат берді.
“Біз Ташкентте Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткіздік. Мұндай мүмкіндік кезінде екі ойындық форматты таңдадық, себебі біздің жігіттерге халықаралық тәжірибе қажет. Сонымен қатар құрамның әлеуетін тексеріп, барлық футболшыға ойын тәжірибесін бергіміз келді. Өкінішке қарай, екі матчта да жеңіліп қалдық. Бапкерлік штаб ойыншылардың көңіл-күйіне Андоррадағы ауыр жеңіліс қатты әсер еткенін сезді”, – деді бапкер Мамонов.
Сонымен қатар бапкер алдағы ойындарға сәттілік тілеп, жағдайдың тезірек оңалуын қалайтынын айтты.
Алайда ойын соңында гол жіберіп, 0:1 есебімен жеңілдік. Екінші ойында қарсыласқа алғашқы минуттардан бастап қысым көрсетуге тырыстық. Жылдам гол соқтық, бірақ ойын барысында құрған сәттерімізді пайдалана алмай, тағы да есе жібердік. Екінші матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде мен команданың аға жаттықтырушысы қызметінен кететінімді жарияладым. Ойыншыларға кәсібилігі үшін алғысымды айтып, Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне сәттілік және қазіргі жағдайдың тезірек оңалуын тіледім, – деді бапкер.
Айта кетейік, Денис Мамонов жетекшілігіндегі Қазақстан жастар құрамасы 4 матч өткізіп төртеуінде де жеңілді.
Енді аға бапкерлік қызметке отандық маман келеді деп күтілуде.

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
