-2 градусқа дейін үсік жүреді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер Қазақстанда 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Найзағай күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің еуропалық бөлігінің аймақтарынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық фронтальді учаскелер республиканың барлық дерлік аумағында ауа райын тұрақсыз етеді.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік облыс өңірдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, батыста күндіз ауа температурасының +8...+18-ден +15...+28°С-қа дейін аздап жоғарылауы күтіледі, ал қалған аумақта, солтүстікте күндіз ауа температурасының төмендеуі байқалады. Орталықта +25...+30°С-тан +15...+20°С-қа дейін, республиканың оңтүстігі мен шығысында +28...+33°С-тан +17...+ 25°С-қа дейінгі аралықты көрсетеді.
Маусым мен шілде айларында ыстық болады: Жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
