Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2-3 рет қайтарып жібердім": Ұлықпан Жолдасов Абай Бегейдің сахнаға қалай келгенін айтты

Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өнердегі әріптесі Абай Бегейге продюсерлік еткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мен Бақыт деген туған ағам тамада болды. Абай Бегей оның жанында музыкант болатын. Екеуі әрқашан бірге тойға шығып жүретін. Сонда ағам: “Мына баланы “Тамашаға” шығаршы” дейтін. Мен: “Маңғыстаудың атынан болған соң ”Тамашаға” дұрыс адам шығу керек. Бұл әлі дайындалмаған, әлі де осал. Дайындалсын” деп Бақыт ағамның сөзін 2-3 рет қайтарып жібердім. Абай маған хабарласпайды, Бақыт ағам арқылы шығатын. Сөйтіп жүріп 2008 жылы өзі де Алматыға келді. Өзінің інісі де жүріп-тұруына көмектесті. Содан жайлап бастап көрдік. Абайдың өзіне барып айттым: “Диана Шарапова сені вокалға үйретемін десе қаласың, ештеңе шықпайды десе, елге қайтасың”. Сөйтіп Дианаға кіргізіп жібердім, өзім жігіттермен шәй ішіп отырып ұмытып кетіппін. Бір кезде қызарып шығып келе жатыр. Дианадан сұрап едім: “Үйретеміз” деді. “Аспанға қараймын” деген әнді мен жазып берген жоқпын. Бірақ ол әнді алып беріп, сол әнмен шығып кетті”, – дейді Ұлықпан Жолдасов.

Бұған дейін танымал әнші келін түсіргенін айтып, отбасылық жаңалықтарымен бөліскен еді. 

Талқылау