"1х Шымкент Кубогының" нәтижелері: Роналду рекорды, Әлем чемпионатының атмосферасы және ақшалай жүлдеге ие болғандар
13 тамызда SPORT VILLA спорт кешенінде әуесқойлар арасында мини-футболдан сайыс өтті. Шараның мақсаты – әлем чемпионатының атмосферасы мен эмоциясын қатысушылар мен жанкүйерлерге жеткізу. Ұйымдастырушы мен демеушілер мақсаттарына жете алды десек болады, себебі жарыста тек ойыншылар ғана емес, сонымен қатар жанкүйерлер де қатысқан іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, 1XBET компаниясы аты аңызға айналған футболшы Криштиану Роналдуның допты әуеде баспен соғу рекордын қайталауды ұсынды. Ал оны орындай алған қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сайысқа 8 команда қатысты, оның ішінде 4 команда белгілі блогерлерден және 4 әуесқойлардан құралды. Плей-офф жүйесі бойынша сынға түскен командалар арасында Derbes ФК топ жарды. “Аз сөйлеп, көбірек қимылда, батылдық таныт жеңіске ұмтылғанда, Алға Derbes” деп ұрандатқан футболшылар өздерінің мықты екенін алаңда дәлелдей алды.
Іс-шараның бас демеушісі – 1XBET, ол Қазақстандағы спорттың дамуына белсенді қолдау көрсетіп, салаға үлкен үлес қосып келеді. Турнирдің демеушілері қатысушылар мен футбол жанкүйерлеріне жарқын эмоциялар сыйлап қана қоймай, ақшалай сыйлық түріндегі жағымды бонуспен оларды ынталандыра алды. Осылайша, бірінші орын үшін жеңімпаз команда 1500 доллар көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Айта кетсек, Қазақстанда футзал танымалдылығы артып, жыл өткен сайын жас спортшылардың қызығушылығын тудыруда. Қазақстан құрамасы халықаралық турнирлерде өнер көрсетіп, 2002 жылы УЕФА мүшесі атанды.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі - 1XBET-пен бірге өз командаңызға жанкүйер болыңыз!