"АрселорМиттал Теміртау" аумағында жұмысшы тоққа түсіп, қаза тапты
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ (АМТ) аумағында жұмысшылардың қазасы азаймай тұр. Бұл жолы тоқ соғып бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ мердігер ұйымының қызметкерінің қазасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді бейсенбі күні Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, оқиға №2 қаңылтыр прокат цехының химиялық ұстағыш қондырғысында болған - жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкерін тоқ соққан. Ер адам алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлерінің қолында есін жимастан қайтыс болды.
Еске салайық, 8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында тағы бір жұмысшының қаза тапқаны белгілі болды. Бұл жолы газ қызметкері опат болған.
3 қарашаға қараған түні Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада газ жарылып, салдарынан бес адам қаза тапқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, АрселорМиттал Теміртау шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.
- "АрселорМиттал Теміртау" заңды бұзып, инвестициялық міндеттемелерін орындамайды - Тоқаев
- "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысын тоқтату мәселесі қаралып жатыр - Министр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтқан.
23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға қызметкер күдікке ілінген.
23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АМТ басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға жуық күдікті бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары AMT компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Миттал кінәлі деп тапса, оны жауапкершілікке тартуға құқылы.
29 қарашада Қазақстан билігі үнділік инвесторларға талап қойды.