1991-2001 жылдары қаза болған полицейлердің отбасына ай сайын жәрдемақы беріледі
1991-2021 жылдар аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлердің отбасылары vемлекеттен ай сайынғы ақшалай төлем алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ІІМ
Мәжіліс ішкі істер министрлігін реформалауды бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатты ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов таныстырды. Оның айтуынша, енді қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің 530 отбасы мүшесі қосымша ай сайынғы жәрдемақы алуға құқылы. Жесірлерге өмір бойы, балаларына 23 жасқа толғанға дейін беріледі. Барлығы 16 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметін жоюды қалайды. Орнына екі басқарма құрылады. Бірі – құқықбұзушылықтың алдын алу және екіншісі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сондай-ақ арнайы уақытша ұстау изоляторлары мәселесін жедел шешу қажет. Өйткені ел бойынша олар мың-ақ төсекке есептелген, ал әкімшілік қамауға алынғандар саны жыл басынан бері 20 мыңнан асты. Орын тапшылығына байланысты құқықбұзушылар қызмет көрсету үшін кезекте тұрады
“Елімізде 6 мыңнан астам төсек-орындық 236 арнайы мекеме мен 820 орындық 21 қабылдау-тарату пункті бар. Бірінші тоқсанда әкімшілік қамауға алынғандар саны 21 мыңға жетті. Қабылдаушы-таратқыштар тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларға және оның құжаттары болмаған кезде шетелдіктің жеке басын анықтау үшін. Арнайы ұстау орындарында әкімшілік қамауға алынғандар ұсталады. Біз барлық санитарлық норманы сақтаймыз. Күзде қоғамдық жұмыстар институты жұмыс істей бастайды, осыған байланысты қамауға алу санкциясы қысқартылады деп күтеміз”, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Еске салсақ, Қазақстанда жергілікті полиция қызметі жойылатынын хабарладық.