Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел жақында үйлену тойын жасамақ

Бүгін бақытты күндерін бастан кешіп жатқан Марлен мен Әнел, кезінде көп қиыншылықты бірге көрді. Тіпті, екі жастың сызат түспеген сезіміне Қазнет қолданушылары да талай мәрте тәнті болған еді. Алайда, таяқтың екі ұшы бар! Осыдан 7 жыл бұрын, сүйіктісі сырқатқа шалдыққан сәтте оқуын тастап, қиын кезеңдерде қызының қасында болған ғашық жігітті сынағандардың санында шек болмапты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Қарсылық білдіргендер болды. Қазір бәрі Аллаға шүкір жақсы. Бәрі орынына келді деп айтуға болады дәлірек айтқанда. Бұрын айтқан адамдарда қазір түсіністікпен қарап, оларда түсініп, өмір болған соң қателеседі, қателеспейтін адам болмайды ғой. Оның барлығына түсіністікпен қараймын. Менің өмірім ренжулі емес, менің ешкімге де ренішім жоқ. Тек өзімнің отбасым, болашақ жан жарым, алдағы өмірім өзімнің ойымдағыдай арманыма жеткім келеді», – дейді Марлен.

Иә, бір-біріне деген адал махаббаты, қазір екі жасқа танымалдылықты да тарту етті. Алайда, талайды тамсандырған қос ғашық қарапайым қалыптан танбақ емес.

«Әрине, фотоға түсетіндер болады. Біз олардың ешқайсысына айтпаймыз түспейміз деп. Түсеміз фотоға. Бірақ, қарапайым болып біз көшеде жүре береміз», – дейді ғашықтар.

Бәрін айт та бірін айт! Осыдан 2 жыл бұрын некесін қидырған Марлен мен Әнел қазіргі таңда дүбірлі тойға әзірлікті бастап кеткен. Адалдығымен талай жастарға үлгі болған Құлсарылық қос ғашықтың қуанышты хабары бар!

«Алла қаласа, болады той. Жақында міндетті түрде. Аллаһтың қалауымен!» – дейді Марлен мен Әнел.

Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты

Қайрат Нұртас: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео)

Кәмшат Жолдыбаеваның испан стиліндегі клипі тыңдарманға ұнап қалды (видео)

Төреғали “Алло” әнін өзбек әншісі Шахзодамен орындап шықты (видео)

Талқылау