19 жастағы орыс қыз 12 жастағы баладан сәбилі болды
Ресейдің Саратов облысында 19 жастағы қыз 12 жастағы баладан сәбилі болды.
Фото: rest-portal.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
“Алдын-ала деректер бойынша, 2015 жылдың қараша айында Пугачев ауданында 19 жастағы қыз 12 жастағы жас баламен жыныстық қатынасқа түскен. Ал ол биыл сәбилі болды. Осы оқиғадан соң жағдай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды”, – деді аймақтық тергеу басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі Екатерина Пирская.
Қыздың әрекетіне қатысты (“жасы 12-ге жеткен, бірақ 14 жасқа жетпеген жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу”) қылмыстық іс қозғалды. Оны он жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Кейінірек құқық қорғау органдары сыған отбасында тәрбиеленген 19 жастағы қыз бен 12 жастағы жігіттің бірге тұрып жатқанын хабарлаған.
Талқылау