19 жастағы қарағандылық жігіт Қытайда студенттер жатақханасында көз жұмды
Қарағанды тұрғыны Қытайдың Чанжоу қаласында мерт болды.
Валерий Катиев Қытайда оқуда болған. Екі апта демалысын Қарағандыда өткізіп, оқуына қайта аттанған, деп жазады Новый вестник.
Ата-анасы ұлының өлімі жайлы 12 наурыз күні естіген. Болжам бойынша, ол уланып қайтыс болған болуы мүмкін.
«Бізге ұлымыздың жатар алдында өзін нашар сезінгенін айтты. Таңертең тұрып, балконды ашқан. Жедел жәрде шақырып, достары сыртқа алып шыққан. Алайда дәрігерлер келгенше, Валерий көз жұмған.
Марқұм жігіт Ресей азаматы болғандықтан Қазақстан тарапы марқұмның денесін әкелуге көмектесе алмайтындарын айтты.
Тағы оқыңыз:
Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр
Алматы облысында 5 баласы бар отбасы күйеуінен зәбір көрген 2 келіншек пен 14 баланы асырап алған
ШҚО-да тасыған өзеннің арғы бетінде қалған 7 адам 3 күн бойы сонда түнеген