Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Үш ай бұрын тұрмысқа шыққан бойжеткен осы шешімі үшін өкініп жүр. Себебі, күйеуі оған көңіл бөлуді қойған екен. Тіпті, майда ақша бермей ұрыс шығаруды әдетке айналдырған. Осы орайда, бойжеткен мамандардан кеңес сұрады.

girl-2032802_960_720

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Жасым он тоғызда. Күйеуге шыққаныма үш ай ғана болды. Оның жасы жиырма бірде. Екеуіміз 3 күн сөйлескеннен кейін ол мені алып қашып кетті. Амалсыз қалуыма тура келді. Басында барлығы жақсы болатын. Ал қазір күйеуім көп қаңғиды. Күндіз жұмыста, түнде қалада жүреді. Маған мүлдем көңіл бөлуді қойды. Бір-бірімізбен, тіпті, сөйлеспейміз. Тек сұрақ қойсам, жауап береді. Бұл мінезінен шаршадым. Екеуіміз бір-бірімізге мүлдем бөтен адам сияқтымыз.

Жұмыс жасаймын. Жалақымды соңғы тиынына дейін енем алады. Күйеуімнен 200 теңге сұрасам, «Саған не үшін ақша керек?» деп айқай шығарады. Туған күн, тойларға барса да, мені ертпейді. Бәрінен шаршадым. Кетіп қалғым келіп жүр. Бірақ ажырасуға қорқамын. Анам жұрттың әңгімесін көтере алмауы мүмкін әрі аяғым ауыр. Іштегі сәбиім бір айлық. Ал күйеуіме бәрібір. Оған тек түнде керекпін. Басқа қыздармен сөйлесіп жүре береді. Күйеуге шыққаным – өмірімдегі ең үлкен қателік болды. Не істесем болады?» – дейді бойжеткен.

Бағдарлама барысында бойжеткеннің хаты жауапсыз қалды. Десе де, психолог маман Марал Сарбасқызы жастарға өмірлік жарды қалай таңдау керектігін айтып берді. Яғни мұндай қателікке бой алдырмау үшін алдын ала моральдық тұрғыдан отбасын құруға дайын болуға кеңес берді. «Қарым-қатынасқа түскен кезде екі адам бірдей болады. Іште әртүрлі жалған ой болады. Сезімді реттеу өте қиын. Үйлену керек, жағдайды дұрыстау керек, қолайлылық, оның мінезі менің мінез ерекшелігіме сай келеді, құмар қандыру, балаға әке керек – бұлар махаббат емес. Бұлар – тек қажеттілік, эгоизм. Мұның арты біздің ойымыз, біздің пікіріміз деген секілді біржақтылыққа әкеліп соқтырады. Қарым-қатынаста «сүйемін, біреудің сүйіктісі бола аламын, осы адаммен бірге жетістіктерге жетемін немесе бірге сәтсіздіктерді бастан кешіремін» деген сынды ойлар ғана болуы тиіс», – дейді Марал Сарбасқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Талқылау