Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір үйдің жалғыз ұлы: "Оқжетпес" ойыншысының неден өлгені белгілі болды

Көкшетау футболының тәрбиеленушісі және «Оқжетпес» жастар командасының 19 жастағы ойыншысы Роман Зюзин отбасындағы жалғыз ұл болған. Дәрігерлер денесінде сепсистің жылдам тарағанын айтты, депхабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл клуб үшін ауыр жағдай, қара жамылып отырмыз. Жұма күні ғана ол қарсы «Тобол» командасымен болған ойынға қатысқан еді. Оның тарапынан ешқандай шағым айтылмады. Демалыс күндері дене қызуы қатты көтеріліп ауруханаға түскен. Дәрігерлер басында бәрі жақсы екенін айтты. Алайда бір күннен кейін ол комаға түсті. Роман отбасындағы жалғыз ұл, жатақханада тұратын. Футболдағы карьерасы үшін қорқып айтпаса керек», - деді Көкшетау футбол клубының спорттық директоры Ержан Жамбыров. 

Сондай-ақ, ол команданың Ақтөбеге баруы тиіс болғанын, қара жамылуға байланысты жетекшілерден матчты кейінге қалдыруды өтінгендерін айтты. 

«Біз ішкі тексеру жүргізейік деп ойладық. Алайда ата-анасы мәйітті бөлшектеуге рұқсат бермеді», - деп қосты ол. 

Бұдан өзге Жамбыров жерлеу рәсімінің шығынын клубтың толықтай өз мойнына алғанын, футболшының жалақысы толықтай ата-анасына төленетінін айтты. 

Талқылау