19 шілдеде бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазтелерадио" ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
Үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызметтердің жабылуымен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.
"Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды тоқтатып, жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”