Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"180 мыңға Абай Бегей алып берді": Нұрлан Еспановты кім киіндіретіні белгілі болды

Нұрлан Еспановты кім киіндіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Асабалық қызметі үшін киім алатын Нұрлан Еспанов үстіндегі костюмын өнердегі әріптесі Абай Бегей алып бергенін жасырмады. Абай Бегейдің қызын ұзатқан өнер иесі еңбегін осылай бағалағанын айтты.

"Мына костюмді маған Абай Бегей алып берді. Мен оның қызын ұзатқан кезде тойын жүргізіп бердім. Сосын маған костюм сыйлаймын деді. Сөйтіп, Алматыға келіп, сатып алып берді. Ең арзаны, ең қымбаты демей-ақ орташа ғой біздікі", - дейді Нұрлан Еспанов.

Киімнің бағасына емес, ыңғайына қарайтын әнші Абай Бегейге 180 мыңға костюм алғызған көрінеді. Оған қоса Абай Бегей мен Нұрлан Еспанов саудаласуды да жақсы біледі екен. Кей кезде ерекшеленемін деп қымбат киімге ұрынатын әнші бұл қылығына да қымсынбайтынын айтып берді.

"Жұрттар киінетін жерден киінеміз. Бірақ, кей кезде сәл ерекше киім кигіміз келеді де, сәл қымбаттау болып кететінін бар. Ал былайша қатты қымбат емес. Мынаны Абай 180 мың теңгеге алып берді. 200 мың деп тұрған жерінен 20 мыңға түсіріп алдық", - дейді Нұрлан Еспанов.

Талқылау