AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

180 күн өткен соң сұйытылған газ бағасы қалай реттеледі: Энергетика министрі жауап берді

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов межелі 180 күн өткен соң сұйытылған газ бағасы қалай реттелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министріне сұйытылған газ бағасының келешектегі бағасы туралы сұрақ қойылды.

"Қаңтардың басында шынымен де сұйытылған газдың бағасын 180 күнге мемлекет бақылауына алу туралы шешім қабылданған болатын. Қазір оның бағасы 50 теңгеден 75 теңге аралығында тұр. Яғни, ең шалғай елді мекендерде бағаның шегі 75 теңге болса, мұнай өңдеу зауыты бар Маңғыстау облысында 50 теңге", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол сұйытылған газды өндірудің өзіндік құны қазіргі бағасынан қымбат деген мәліметті растады.

"Бірақ, белгіленген 180 күннің ішінде жанар-жағармай сияқты сұйытылған газдың да бағасын қалыптастыру жүйесі мен сату ережелерін реформалап шығуымыз керек. Біздің ойымызша, зерттеулер көрсеткендей, жанар-жағармай сияқты сұйытылған газдың да нарық тізбегінде "өнімсіз делдалдар" бар", - деді министр.

Оның айтуынша, сұйытылған газдың нарық тізбегінде меншігінде не газ құю стансасы, не газ жинақтау стансасы жоқ ойыншылар бар. Соған қарамастан газ тарату жүйесінде отыр.

"Біз осындай ойыншыларды тізбектен алып тастайтын шығармыз. Яғни, тек нақты газ өндірушілер, газ құю стансалары немесе үйлерге қажет газды жинақтайтын стансалары бар ойыншылар ғана қалады. Бұл бізге тіпті осы 50 теңгелік бағаның ішінде нарық тізбегіндегі қатысушылардың кірістілігін қайта реттеуге мүмкіндік береді. Яғни, газды сатушылар мен өндірушілердің арасындағы табыс теңгерімі қайта қаралады. Негізі газ өндірушілердің табысы көбірек болуы керек. Өйткені біздің зауыттардағы сұйытылған газдың өзіндік құны тоннасына 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл бір литр газды өндіруге ғана шамамен 50 теңге кетеді деген сөз. Әзірге бұл зауыттар белгіленген 180 күнде шығынмен жұмыс істейді", - деді Болат Ақшолақов.

Айтуынша, осы аталған ережелер күшіне енуі үшін заңнамаға өзгерістер енгізілуі керек.

"Әрине, заңсыз қосылатын майнерлер бүкіл ұлтық жүйеге әсер етіп отыр. Цифрлық майнинг сегменттеріне қатысты жұмысы министрлік энергия жүйесін тұрақты сақтауға бағытталған. Яғни, бірінше кезекте электр энергиясын халыққа және ондаған мың жұмыс орнын ұстап отырған экономиканың нақты секторына беруге міндеттіміз. Әрине, заңсыз қосылған майнерлерді табу керек. Бірақ ол біздің ғана жұмысымыз емес.

Сұйытылған газдың қазіргі бағасы өзіндік құнынан әлдеқайда төмен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр