18 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта мерт болды
18 жастағы қазақстандық азамат Таиландта көз жұмды. Ақпаратты СІМ растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық жігіт 1 қыркүйекте Най Янг жағажайында жоғалып кетті. 3 қыркүйек күні таңертең 18 жастағы қазақстандықтың денесі табылды.
"Екі күн іздегеннен кейін тай құтқарушылары 2005 жылғы жігіттің денесін судан шығарды. Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп, анықтау рәсіміне қатысады", – делінген хабарламада.
Талқылау