Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы боксшы қыз нокаут алғаннан кейін көз жұмды (видео)

18 жастағы мексикалық боксшы қыз Жанетт Закария Сапата 28 тамызда Монреалда (Канада) рингте алған ми жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vRINGe.com сайтына сілтеп.

боксерша

Оның канадалық қарсыласы Мари-Пьер Уль төртінші раундта ринг бұрышында Запатаға бірнеше ауыр соққылар жұмсаған. Осыған қарамастан, мексикалық қыз құламаған, бірақ төреші оған ұрысты ары қарай жалғастыруға рұқсат бермеген. Бірнеше секундтан кейін төрешінің өз бұрышына баруды бұйырған сөзді елемеген қыз есінен танып қалады.

Мына видеода (18+) жаттықтырушы әрі күйеуі Джованни Мартинес оған көмектесуге тырысады.

Спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, медикаментоз ұйқысына жіберілген. Алайда бірнеше күннен кейін боксшы қыз жан тәсілім етеді.

Қайғылы жекпе-жектен үш жарым ай бұрын Запата таза нокаутпен ұтылады, бірақ Ульмен кездесу алдында медициналық тексеруден сәтті өткен. Осыған байланысты, оның Канададағы кездесуге қалай жіберілгені тексерілуі мүмкін.

Ақберен Амангелді
Сенбі, 04 Қыркүйек, 2021 18:02
Талқылау