Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық шахматшы халықаралық жарыста күміс жүлде жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

Алуа НұрманФото:Chess.com

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Германияда өткен GRENKE Chess Festival фристайл-шахмат турнирінде әйелдер арасындағы 2-орынға ие болып, әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

18 жастағы Алуа Нұрман жарыста ерлермен бірге Open санатында бақ сынады. Жалпы кестеде ол 6 ұпай жинап, 39-орынға тұрақтады. Әйелдер арасындағы нәтижеде Нұрман жеңімпаз Харика Дроновалиден (Үндістан) 8 турдан кейін қосымша көрсеткіш бойынша жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші орынға неміс шахматшысы Динара Вагнер тұрақтады.

Әйелдер арасындағы үш жүлдегер 2027 жылдың басында өтетін фристайл-шахматтан (Фишер шахматынан) әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова 5,5 ұпаймен, Ксения Балабаева 5 ұпаймен жарысты аяқтады.

Қазақстандық шахматшы әлемге әйгілі гроссмейстермен суретке түсемін деп басы дауға қалды

Қазақстандық шахматшы әлемге әйгілі гроссмейстермен суретке түсемін деп басы дауға қалды

Оқыңыз

Сондай-ақ Open санатында нерманиялық Винсент Кеймер 7,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынға 7 ұпай жинаған Франция өкілі Максим Вашье-Лаграв, ал үшінші орынға классикалық шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия) жайғасты.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 14:42