18 қазанда Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтатады
"Қалалық көлік жүйелері" ЖШС елорда тұрғындарына жексенбі күні карантиндік шаралардың күшейетінін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"18 қазанда қоғамдық көліктер бір күнге тоқтатылады. Дезинфекция жұмыстары автобустар мен автопарктерде жүргізілетін болады. 19 қазан, дүйсенбіден бастап автобустар қайтадан әдеттегідей жүре бастайды. Біз тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысын төлеу тек карта арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар 14 қазаннан бастап күшейтілді.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанның қызыл аймаққа енгенін айтқан болатын.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн