Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жасында тұрмысқа шыққан келіншек: Күйеуге ерте шықсаң, төркіншіл болмайсың

Ата – бабамыз қыз мұраты кету деп бекер айтпаған. Дегенмен, қыз баласының қанша жасында тұрмыс құрғаны жөн? Осы сұраққа жауап табуға тырысып көрдік. Елімізде 16-17 жасында ошақ қасында отыратын қыздар баршылық болғанымен, бізге жауап беруден жалтарды. Әйтсе де, сұраққа жауап тапқандай болдық.

Stan.kz ақпараттық агенттігі 16-17 жасында тұрмыс құрған қазақ келіндері жайлы эксклюзивті материалды назарларыңызға ұсынады.

«Тұрмысқа ерте шықсаң төркіншіл болмайсың»

Қызылорда қаласының келіні – Фариза

17 жасында тұрмысқа шыққан келіншек: Күйеуге ерте шықсаң, төркіншіл болмайсың

Мен Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келдім. Қазалы ауданына қарасты Түктібаев ауылында мектеп табалдырығын аттадым. Анам мектепте мұғалім. Әкемнің жеке кәсібі бар. Ауылда жылқы бағып, шаруа қожалығымен айналысады. 15 жасымда жігітпен жүре бастадым. 9-сыныпты бітіріп Ақтөбе қаласына оқуға түстім. Байланыс және электротехника колледжінде “байланыс техникасы” мамандығы бойынша тәлім алып жүріп, 17 жасқа келгенімде тұрмысқа шықтым. Жолдасым Досжан Махат 1990 жылғы жігіт. Біз 2009 жылы үй телефоны жаңадан құрыла бастаған кезде таныстық. Сол телефонның арқасында бір бірімізді көрмей, еш кездеспестен 1,5 жыл қыз-жігіт болып жүріппіз. 2011 жылы ақпан айының 15-і күні алғаш кездескенбіз. Сол кезде өзімен ғана емес, тіпті анасымен яғни енеммен таныстым.

Жігітім сәуір айының бірінші күні өзінің ауылына отбасымен таныстырамын деп шакырған. Сол келгеннен осы ауылда келін болып калдым. Аллаға шүкір қазір кызым мен 2 ұлым бар. Ерте тұрмыс құрғаныма еш өкінбеймін. Сол кез қайтып келсе, тап осылай қайталар едім. 2012 жылы 18 жасымда алғаш ана атандым. Қыз бала босандым. Есімі Дильназ. Ал, 2013 жылы 19 жасымда ұлды болдым. Араға біраз жыл салып 23 жасымда тағы шекесі торсықтай ер баланы дүниеге әкелдім. Ал, қазір жасым жиырма төртте. Менің ойымша, ерте тұрмысқа шыққанның пайдасы өте көп. Келген жеріңе әбден бауыр басасың. Маған бәрін үйреткен енем. Мен келін болғанда еш нарсе білмейтін едім. Тек қарапайым макаронды ғана жасай алатынмын. Үйдегілерге ащы тамақ та, шала піскен нан да жегіздім. Сонда бір қабақ шытпай ертең піскен нан жейміз деп қоя салатын. Қазір өз ата-анамды ондай сағынбаймын. Ал енемді 1 ай көрмесем жылап көрісеміз. Телефонмен сөйлескенде де еркелеп жылап алам. Қазір осы отбасына келгеніме 7 жыл болды. Балаларым да нағашыларын онша танымайды. Мен өзім де төркініме той-томалақта ғана барады екенмін. Қазір ойлап карасам, ерте тұрмыс құрғанның бір пайдасы төркіншіл болмайсың.

«16 жасымда келін атандым»

Шымкент қаласының келіні – Рабия

17 жасында тұрмысқа шыққан келіншек: Күйеуге ерте шықсаң, төркіншіл болмайсың

Мен 1969 жылы Өзбекстан жерінде туылдым. Атым – Рабия. Ол кезде 8-класстан кейін оқуға түсетін едік. Бастауыш мектеп мұғалімі боламын деп арман қуып Ташкентке оқуға түскенмін. Жолдасыммен 2-ші курсты бітірер жылы таныстым. Жолдасым таныстықты көпке созбай 10 күннің ішінде алып қашты. Ол кезде менің жасым 16-да болатын. Иә, 16 жас ақ пен қараны ажырата да алмайтын уақыт. Дегенмен, ол кезге ешқандай өкпе жоқ. Аллаға шүкір жас келгеніме еш өкінбеймін. Осылай 16 жасымда келін атандым. Жолдасым мені жас деп көп нәрсені жәймен түсіндіретін. Бәрі үшін жолдасыма алғыс айтамын. Қазір 49 жастамын. Алланың берген 9 перзентін өсіріп келеміз. Құдайға шүкір 7 қыз, 2 ұл босандым.

Қыздарымды 19 жастарында ұзатқанды жөн көремін. Ия, 4 қызымды құтты ұяларына қондырдым. Олардан 12 немере сүйіп әже атанып отырған жәйім бар. Аллаға шүкір қыздарым бүгінде бақытты. Жолдасым екеуміз мал шаруашылығымен айналыстық. Сол кезде айналамдағылар шопан болғанымызды ұят көретін. Ал, ол біз үшін еңбек. Жолдасым екеуміз балаларымыз оқысын, қиналмасын, жоқшылық көрмесін деген арманмен елемей жүре бердік. Аллаға шүкір қазір жемісін көріп отырмыз. Қыздарым оқыған, балаларымның көзі ашық. Қазір келін болып келген жерім Шымкент каласы, Арыс ауданына қарасты Қожатоғай савхозы, Байтоғай ауылда отбасыммен бақытты өмір сүріп жатырмын. Ерте тұрмыс құрып түйгенім жастай тұрмысқа шықсаң сол отбасына тез үйренеді екенсің.

Тағы оқыңыз: 

Асқазан жарасын емдейді: Қазақстандық дәрігер Оразаның пайдасы жайлы

Тест. Қазақ қалаларының ескі атауларын білесіз бе?

Нұрболат Абдуллин Алматыда концерт беру үшін үш бөлмелі пәтерден бас тартты

Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

 

Талқылау