Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық қыз миллион ұтыс өмірімді құртты деп лотереяны сотқа берді

Ұлыбританияда EuroMillions лотереясы арқылы 1 миллион фунт стерлинг көлемінде ақша ұтып алған Джейн Парк ұтысты ойнатушыларды сотқа бермек. Ол үлкен көлемде жеңіп алған ақшалай сыйлықтың өмірін теріс арнаға бұрғанын айтып шағымдануда.

SUNDAYPEOPLE-PROD-Jane-Park (1)

Бұл туралы Mirror жазды.

Мол ақшаға кенелген кезде Джейн Парктің жасы небәрі 17-де болатын. Айтуынша, оның жасындағы адамның мұндай ұтысқа ие болуы үлкен ағаттық.

Бүгінде 21 жастағы Джейн ол ақшаның өмірін жаман жаққа қарай өзгерткенін айтты.

Sunday People-ға берген сұхбатында ол бүгінде нағыз бұзақыға айналғанын және қарапайым өмірін аңсайтынын айтып берді.

“Көлікке де мас күйде отыра беремін. Лотереяны ұтқаннан кейін өмірімнің астаң-кестеңі шыққанын байқадым. Ақша ұтсам өмірім он есе жақсарады деп ойлаушы едім, бірақ керісінше он есе жаман бола түсті. Қазір өз-өзіме: «Ақша ұтпасам, өмірім әлдеқайда жеңіл болар еді», – деймін. Адамдар маған қарап: «Сенің орныңда болғанымда ғой, сен сияқты ақшам көп болса екен» деп ойлайды. Алайда олар менің қаншалықты күйзеліске түсіп кеткенімді білмейді. Иә, менде материалдық заттар жетерлік, бірақ одан басқа өмірім бос. Бұл өмірдегі мақсатым не? Оны білмеймін, Менің ойымша, лотереяда ұтысқа қол жеткізу үшін адамның жасы кем дегенде 18-де болуы керек. 16 жас көп ақшаға ие болу үшін тым ерте», – дейді Джейн.

SUNDAYPEOPLE-PROD-Jane-Park (2)
Британиядағы EuroMillions компаниясының өкілі Камелот Джейнге оның байлығын игеру үшін кеңесші болып тағайындалды. Алайда Джейн «маған тек отбасым көмектесе алады» деп отыр.

«Мен «инвестициялық облигация» сынды сөздерді қолданатын қаржы кеңесшісі мен отбасымның ортасында қалып қалдым. Бірақ мен кеңесшінің тілін түсінбеймін», – дейді Джейн.

Бойжеткен қымбат Louis Vuitton брендінің сумкасын ұстайды, одан бөлек құны 18 000 фунт стерлинг тұратын күлгін түсті Range Rover автокөлігін мінеді. Алайда бұл заттар оған бақыт сыйламайды. Ол жыл сайын Мальдив аралдарында, АҚШ-та демалады. Бірақ оның жаны Бенидорм мен Магалуфты қалайды.

“Мен қолымда ақша бар болса да, жылына төрт рет демалысқа бара алмаймын, себебі достарымның ақша жинап алғанын күтемін. Иә, мен Мальдив аралдарында болып қайттым, алайда оның орнына Бенидормды қалар едім», – дейді бойжеткен.

Қысқасы, мол пайдаға кенелгеннен кейін Джейн ішімдік ішіп, түнгі клубтарда болатын төбелестерге араласа бастаған. Ішімдік ішіп рөлге отыратын ол сан мәрте жол тәртібін бұзып, жол апатына да ұшыраған. Адам қағып өлтіре жаздаған.

Қыз бірден кеудесін үлкейтіп, қымбат киімдер сатып алып және сүйкімді ит асыраған. Төрт жылдан соң еш мұқтажсыз өмір сүрген қыз, миллионер болу деген атақты көтере алмапты.

Паркидің айтуынша, ол өзінде нағыз достардың жоқ екеніне өкінген. Сондай-ақ, ол өмірде нақты не нәрсемен айналысу керектігін де түсінбеген.

Ұтысқа дейін ол әкімші болып жұмыс істеп, анасымен бірге кішкентай пәтерде тұрған.

Енді Джейн кәмілеттік жасқа толмаған қызға ұтыс ойнатқан лотерея компаниясын сотқа беруді заң жүзінде қарастырып жатыр

Jane-Park-lottery-winner-working-in-a-chippy

SUNDAYPEOPLE-PROD-Jane-Park

Жіберіп алмаңыз:

Әйел күйеуінің көңілдесін тыр жалаңаш күйінде көшеге шығарды (фото)

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Әлемдегі ең ескі телефон иесі 17 жылдан бері Nokia-ны қолданып жүр (фото)

Қытайлық бастық қызметкерлеріне ақшадан шашу шашты (фото, видео)

Талқылау