Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы қазақстандық Бішкекте жоғалып кетті

Қырғызстан астанасында 17 жастағы Қазақстан азаматы Ілияс Абдуллаев жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары үш күннен бері жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Илияс Абдуллаев

“Тамыздың 28-і күні Бішкек тұрғыны полицияға жүгініп, олар жиені "Джунхай" базарынан белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері еш хабар болмағанын айтты”, – деп жазады Sputnik-Қырғызстан агенттігі Қырғызстан Республикасының Свердлов облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Бойы шамамен 160 сантиметр болатын арық денелі жасөспірім ақ-қара түсті бас киім киген. Полицейлер жас жігіттің психикалық ауытқушылықпен ауыратынын және әңгіме кезінде өзін агрессивті ұстауы мүмкін екенін ескертті.

Талқылау