Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"17 жасымда кезіктірдім": Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш бірінші некесі жайлы айтты

Жақында мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан жас актриса Гүлзада Тұрлаш “Soul üşın” бағдарламасында бірінші күйеуі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/gulzada_tl

Бірінші некесі сәтсіз аяқталған актриса ол туралы жасырмай айтуды жөн көрді.

“Көпшіліктің алдында жүргеннен кейін ондай дүние айтылуы керек. Мен 16 жасымда сериалға түсе бастадым. 17 жасымда бұрынғы күйеуімді кезіктірдім. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс түсті. Ата-анамның қазақи, қатал тәрбиесінде өстім. Анам: “Алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығуың керек. Жүру деген нәрсе болмайды” деп айтатын. Мені тіпті кешкі сағат 6-7-ге дейін ғана жіберетін. Жанымда үнемі ағаларым жүретін. Туған күн болса, құрбыларыммен қыдырсам, әкем есік алдында мені күтіп отыратын. Сондай қаталдықта өстім. Білмеймін, мүмкін содан болар, алғаш кездестіріп, жақын сөйлескен жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ, менің ойымша, бір адаммен бір минут жақсы уақыт өткізсең, ол туралы жаман айтуға құқығың жоқ. Сол себепті біреуді балағаттағым келмейді. Мен де, ол да жас болды. Екеуіміз де көп қателік жібердік. Ол адамға тек бақыт тілеймін”, – дейді Гүлзада Тұрлаш. 

Айта кетейік, Гүлзада Тұрлаш – Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлаштың қызы. Ол Баян Алагөзованың продюсерлігімен таспаланған “Қазақ аруы” және “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаяларында басты рөлді сомдаған. Танымал продюсер Баянның қарамағына Гүлзада небәрі 16 жасында келген еді. Ол 2018 жылы Темірлан Кеңес есімді жігітке тұрмысқа шыққан болатын. 

Бұған дейін жас актрисаның танымал мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз.

 

Талқылау