"17-қабаттан лақтырамын": Ақтауда әйелін өлтірмек болған ер адам он тәулікке ғана қамалды
Фото: Азамат Сәрсенбаевтың желідегі парақшасынан
Желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бұрынғы күйеуі тарапынан екі сағаттан аса уақыт соққыға жығылып, 17-қабаттан лақтырамын деп қысым жасалған қыз туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, 26 мамырда сот азамат "И-ге” Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша он тәулік қамау және 3 айлық бақылау шарасын тағайындады.
Қазір оған Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қарастырылған.
"Алдағы уақытта онымен профилактикалық шаралар жүргізіледі", – деп хабарлады сот өкілдері.
Ішкі ағзаларының бәрін кескен: Көкшетауда ер адам әйелін жұмыс орнында пышақтап кетті
Қазақстандық әйелінің қызметі жоғарылатылғанын көтере алмай, оның басшылығына жағымсыз хат жазған
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында мұғалім әйелін балтамен ұрып, саусақтарын шапты деп күдікке ілінді. Жантүршігерлік оқиға Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында болған. Өз әйелін балталаған мұғалімнің әрекетіне тұрғындар да, мектептегі ұжымдастары да әлі сене алар емес. Күдікті 21 жыл бойы білім ордасында биология пәнінен сабақ берген. Педагогтар бұған дейін маманның оғаш қылығын көрмедік деп ақтап отыр.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
