165 мыңнан астам салымшысы бар Finiko компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласының прокуратурасы криптовалюта саудасын жамылған The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мониторинг кезінде азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды. Компанияның сайтына сәйкес, салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізілді. “Аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу барысын бақылауға алды.
Криптовалюта сатамыз деп алдап келген: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Еске сала кетсек, "Finiko" пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ" платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. Бұл жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы.
"Finiko" сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Егер компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндет алған. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ын құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді.
Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
