Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

164 рет кездесуге барып, сүйіктісін тапқан ару сәтті некенің сырын айтты

Reddit қолданушысы екі жыл ішінде 164 рет кездесуге барып, ақыры күйеуін қалай тапқанын айтып берді. Ол сәтті некенің құпияларымен де бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ask Me Anything сұрақтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Біріншіден, ол ерлерге жалғыз қалмас үшін әйелдерді әрқашан кездесуге өздері шақыруға кеңес берді. 

"Үнемі хабарламалар жазып тұратын кезеңде қалып қалмаңыз. Сіз оны ерекше түрде кездесуге шақырсаңыз өзіңізге ұпай жинайсыз", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар, пост авторы ер адамдарға кездесуде сұрақ қоюға кеңес берді.

"Күліңіз, құлақ салып тыңдаңыз", - деп жазды ол. 

Пост авторы әйелдерге өздерінің түйсігін тыңдауға кеңес берді. Айтуынша, болашақ күйеуімен кездесуде бәрі бұрынғыға қарағанда басқаша болды.

“Бұл жолы барлығы оңай болды. Мен жағдайдың қалай басқаша екенін көрдім. Екінші кездесуде ол ұнататынын мойындады. Бесінші кездесуде біз еш күдіксіз ресми түрде бірге болдық. Өз адамыңмен мұның қаншалықты оңай екеніне таң қалдым”, – деді ол.

Сонымен қатар кездесуден соң өз-өзіңнен бұл адаммен қаншалықты үйлесетініңді сұрауды ұсынды.

Талқылау