Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КТК және Хабар арналарының экс қызметкері көз жұмды

Алматыда күрделі отадан кейін КТК және “Хабар” арналарының бұрынғы қызметкері Сергей Насыров көз жұмды. Ол биыл 49 жаста еді. Қайғылы хабарды танымал тележүргізуші  Сергей Пономарев Facebook желісіндегі парақшасы арқылы жеткізді.

амув

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін 5 сағатқа созылған отадан кейін тілге келместен менің жақын досым, журналист Сергей Насыров көз жұмды. Жарқын, мейірімді, сабырлы жан еді. Өз ісінің нағыз маманы. Біз ол Қазақ радиосында тәжірибеден өтіп жүрген кезде танысқан болатынбыз. Зерек екені бірден байқалды. Араға бір жыл салып, 90-жылдары мен телеканалға шақырдым. Осылайша көп уақыттан бері қолтықтасып келдік. КТК арнасынан еліміздің басты арнасы Хабарға бірге ауыстық. “Кіші корреспондент” қызметін атқара отырып “Хабар” арнасының ақпараттық қызметін басқарды, артынша Мұхтар Жәкішевтің шақыртуын қабыл алып “Қазатомпромның” пресс-қызметіне төрағалық етті. Соңғы сәтті жобасы Универсиада болған еді.

0b278d42c410dbfe50e8852c08bec1ab

Серега әкесінен ерте айырылды, ал анасына жиі барып тұратын. Оны қатты жақсы көрді. 90-жылдары ажырасып, барар жер басар тау таппай қалғанымда ол маған қаланың қақ ортасындағы 3 бөлмелі пәтерінің кілтін бере салды. Менен ешқандай ақша сұраған жоқ. Өте жомарт жан еді. “Хабар” арнасында бойдақ болып жүрген кезінде қыздардың барлығы оның артынан жүгіретін. Бірақ, ол кеш үйленіп, Наташамен талай бақытты күндерді бастан кешірді. Палауды жақсы көретіні соншалық, оны күнде жейтін. Оның дауысын естімейінше өз-өзіме келе алмайтын сияқтымын. Жақсы адамдарды құдай да жақсы көреді деп бекер айтылмаса керек. 49 жастағы ұлының бақилық болғанын анасына қалай жеткізерімді білмей отырмын. Достарыңызды қадірлеп, мүмкіндік болған кезде міндетті түрде сырласып тұрыңыздар. Себебі, олар күтпеген жерден мәңгілікке кетіп қалулары мүмкін”, – дейді Сергей Пономарев.


Жіберіп алмаңыз:

Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр

Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлігімен бірге жанып кетті (видео)

ОҚО-да зорланған оқушы қызға араша түспеген полицей істі болуда

Талқылау