Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

160 млн теңге: Желіде Бекболат Тілеухан елордадағы пәтерін сатып жатқаны туралы ақпарат пайда болды

Желіде бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға тиесілі елорданың сол жағалауындағы үйінің сатылып жатқаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, қазір Бекболат Тілеухан отбасымен бірге Түркияда тұрып, жұмыс істеп жүр.

Arbat.media порталы құны 160 миллион теңге болатын krisha.kz сайтында жарнамаланған қымбат пәтердің суреттері әлеуметтік желілердегі саясаткердің жеке аккаунтындағы фотосуреттермен сәйкес келетінін жазады.

“Әсіресе кіреберістегі қабырға жабыны және бөлменің ішкі көрінісі дәстүрлі қазақ стилінде екенін байқауға болады. Бұрынғы депутаттың пәтерінде барлығы жеті бөлме, төрт жуынатын бөлме, үш гардероб, асхана, үш балкон және лоджиялар бар”, – деп келтірді портал журналистері.

Портал мәлімметінше, үй-жайдың жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Пәтердің ерекшеліктері: есіктері брондалған, код құлпы бар және пәтердің биіктігі үш метр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алғаны туралы ақпарат таралған болатын. Алайда экс-депутат мәлімдеме жасап, өзінің Түркия азаматтығын алуға өтініш білдіргенін жоққа шығарды. 

Сондай-ақ Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтан қаласының қайта бұрынғы атымен аталуына қарсы шыққан болатын. Тілеуханның айтуынша, Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – тарихи әділеттілік. 

Талқылау