16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсанда жұмыс істемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

17 және 18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, бұл күндері де мекемелер жұмыс істемейді. Алайда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 17 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. 19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.
Айта кетейік, жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00 аралығында, ал сенбіде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"