Германия соты 16 жастағы қыз бен оның 48 жастағы ағасының арасындағы байланысты шешіп берді
Ата-анасы қыздарына жәбір көрсеткен туыстарын қалмыстық жауапкершілікке тартуды ойлағанымен, соттың шешімі күдіктіні ақтап алды.
Бранденбург аппеляциялық соты 16 жастағы қыз бен оның 48 жастағы ағасының арасындағы «махаббат байланысын» шешіп берді. Сот онсыз да Францияға қашып кеткен жұпты қоғамнан қудалауға болмайтынын айтып түсіндірген.
Бойжеткен өзінің туыс ағасымен жақындасқан. Ата-анасы бұл қарым-қатынас жайында хабардар болғаннан кейін жұп қашып кетуді жөн санаған. Онсыз да абдырап қалған ата-ана, қыздарының өз туыстарымен 14 жасынан бастап кездесіп жүргенін естігенде тіптен есеңгіреді, деп жазды Daily Mail.
Анасы мен әкесі педофил туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Олардың қыздары психиатриалық сараптамадан өту үшін арнайы емханаға жіберілді. Алайда бойжеткен дәл сол ауруханадан «ғашығымен» бірге қашып кетті.
Немістердің заңына сәйкес, адам 14 жасынан бастап өз қалауымен сексуалдық қарым-қатынасқа түсе алады.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада жастар көппәтерлі тұрғын үйдің шатырында жақындасқан
Ақтөбеде жұп бағдаршамда тұрып жыныстық қатынасқа түскен
Катарда некесіз жақындасқан шетелдік қыз бен жігіт қатаң жазаланды
Қазақстанда қазіргі жасөспірімдердің ерте жыныстық жетілуінің себебі неде?