Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы Асан Асылхан әлем чемпионатында топ жарды

Асан АсылханФото:Асан Асылхан/ҰОК

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық фристайл-акробатшы Асан Асылхан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз жекелей сында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.

Ол ақтық сында 103.35 ұпай жинап, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Сондай-ақ бұл бағдарламада қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орынды иеленіп, күміс жүлде еншіледі. 

Ал қола медаль Беларусь өкілі Владислав Вазнюкке (92.00) бұйырды.


Михаил Шайдоров жоқ: Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды


12 жастағы қазақстандық жас биші Еуропа чемпионатында топ жарды


Айта кетейік, 16 жастағы спортшы Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиадада бақ сынаған ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы атанған.

Асылхан Асан Қазақстан құрамасы қатарында аралас командалар сайысында жетінші орын алды. Жекелей сында 18-орынға тұрақтады.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 20 Наурыз, 2026 17:16