"16 жасында ислам дінін қабылдады": Луина күйеуінің қай ұлттан екенін айтты
Әнші Луина күйеуі Артем Обуховтың ұлты мен дініне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Айтуынша, жолдасының куәлігінде ұлты орыс деп жазылған. Алайда оның бойында орыстың, еврейдің, украиннің, немістің қаны бар болып шықты.
Артем мен Луина отау құрғанда мұсылманша неке қидырды. Мұны байқаған оқырмандар жігіттің діни ұстанымын сұрады.
"Куәлігі бойынша ұлты – орыс. 16 жасында ислам дінін қабылдады. Ол радикал емес, бірақ болашақта намазға тұруы мүмкін деп ойлаймын", – деп ағынан жарылды ол.
Бұдан өзге, Луина өзін тәрбиелеп өсірген нағашы әжесін көрсетті. Әнші анасы із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін, ата-әжесінің қолында өскен.
"Менің әжем Маиза. Ол анамның анасы", – деп жазды ол.
Әнші өмірдегі ең асыл арманымен бөлісті.
"Әлемді бағындыру", – деп ағынан жарылды Луина.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”