"16 трлн теңге сыртта жүр": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ендігіде азаматтар бірыңғай жиынтық төлемнен жалтара алмайтынын айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бірыңғай міндетті төлемнен жалтарып, салық төлемейтін такси жүргізушілері мен курьерлерге қандай шара қолданатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ОКҚ
Ведомство басшысының айтуынша, ендігіде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан бір реттік төлем салығы автоматты түрде транзиттік шотқа аударылып отырылады.
"Осыған дейін бірыңғай міндетті төлемді такси жүргізушілері де, курьерлер де төлеу міндетті деген болатын. Бұл талап өзгеріссіз қалады ма? Тіркелмеген шағын бизнес өкілдері тарапынан наразылық білдірушілер болды. Тіпті, бұл міндетті орындамай, сытылып кететіндер табылуы мүмкін. Заңда бұл жағы қалай қарастырылған? Қалай бақылау жүргізесіздер?",- деп сауал жолдады Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ведомство басшысына.
"Статистика келтіре кетейін, 31 трлн теңгеден астам жалақы ретінде төленген. Оның 16 трлн-ы ғана ресми түрде міндетті жүйелерден өтіп, қазақстандықтардың шоттарына барып отырған. Соған қарағанда 16 трлн теңге сыртта жүр. Біз сараптама жасағанда қандай мәлімет алдық?! Қандай салада көлеңкелі экономика барын аңғардық. Сонда үш сала белгілі болды. Біріншісі ауылшаруашылығы, екіншісі сауда, үшіншісі құрылыс. Түсінесіздер ме 72 % ауылшаруашылығында. Ал біз айтамыз ауылшаруашылығының жағдайы жаман деп. Осы статистика көзімізді жеткізді",- деді министр.
Министрдің сөзінше, бірыңғай міндетті төлемнен жалтармас үшін онлайн платформа да қадағалауға алынады.
“Мысалы Яндекс, Naimi.kz немесе Glovo сияқты онлайн-платформа арқылы табыс тауып отырғандар бар. Алайда көлеңкелі экономика жол бермес үшін біз арнайы жүйе енгізбекшіміз. Бұл өте ыңғайлы болады. Бұл цифрлық платформа әрбір транзакция, әрбір төлемнен 4 % автоматты түрде бірыңғай міндетті төлемге аударады. Мысалы такси жүргізушісі 2000 теңгеге қызмет көрсетсе соның 4 пайызы, яғни 8 теңге автоматты түрде оператордың транзиттік шотына жіберіледі. Ай соңында жинақталған қаржы МӘМС, БЖЗҚ және бюджет секілді төлемдерге автоматты түрде бөлінеді. Мұның барлығы автоматты түрде. Ешкім ешкімге барып төлеп жүрмейді, арызданып сұрамайды. Біз қазір сондай ықпал жасап жатырмыз,- деп жауап берді ведомство басшысы.
Светлана Жақыпова осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта қаржы және ұлттық банкпен жәнеде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Статистика келтіре кетейін 31трлн теңгеден жалақы ретінде төленген. Оның 16 трлн-ы ғана ресми түрде міндетті жүйелерден өтіп, қазақстандықтардың шоттарына барып отырған. Соған қарағанда 16 трлн теңге сыртта жүр. Біз сараптама жасағанда қандай мәлімет алдық?! Қандай салада көлеңкелі экономика барын аңғардық. Сонда үш сала белгілі болды. Біріншісі ауылшаруашылығы, екіншісі сауда, үшіншісі құрылыс. Түсінесіздер ме 72 % ауылшаруашылығында. Ал біз айтамыз ауылшаруашылығының жағдайы жаман деп. Осы статистика көзімізді жеткізді",- деді министр.
Министрдің сөзінше, бірыңғай міндетті төлемнен жалтармас үшін онлайн платформа да қадағалауға алынады.
“Мысалы Яндекс, Naimi.kz немесе Glovo сияқты онлайн-платформа арқылы табыс тауып отырғандар бар. Алайда көлеңкелі экономика жол бермес үшін біз арнайы жүйе енгізбекшіміз. Бұл өте ыңғайлы болады. Бұл цифрлық платформа әрбір транзакция, әрбір төлемнен 4 пайыз автоматты түрде бірыңғай міндетті төлемге аударылады. Мысалы такси жүргізушісі 2000 теңгеге қызмет көрсетсе соның 4 пайызы, яғни 8 теңге автоматты түрде оператордың транзиттік шотына жіберіледі. Ай соңында бұл жинақталған қаржы МӘМС, БЖЗҚ және бюджет секілді төлемдерге автоматты түрде бөлінеді. Мұның барлығы автоматты түрде. Ешкім ешкімге барып төлеп жүрмейді, арызданып сұрамайды. Біз қазір сондай ықпал жасап жатырмыз,- деп жауап берді ведомство басшысы.
Светлана Жақыпова осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта қаржы және ұлттық банкпен жәнеде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Платформалық жұмыспен қамтуды реттеу және онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында биыл Қаржы министрлігімен бірлесіп интернет-платформалардың көмегімен қызмет көрсететін тұлғаларға салық нормаларын қолдану бойынша пилоттық жоба, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесін төмендету және оларды төлеудің тетігін жеңілдету мақсатында Әлеуметтік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға өзгерту енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді", - деді ведомство басшысы баспасөз конференциясы барысында.
Бұл ретте тіркелген мөлшерлемесі бар оңайлатылған салық режимін 2025 жылдан бастап енгізу ұсынылады. Ол 4%-ды құрайды. Оның ішінде, жеке табыс салығы – 1%, әлеуметтік аударым – 1%, міндетті зейнетақы жарналары 1%.