Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16-қабаттың қоршаусыз балконында отырған жасөспірімдер елді шошытты

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің балконында отырған жасөспірімдер көпшілікті алаңдатты. 

16-қабаттың қоршаусыз балконында отырған жасөспірімдер елді шошытты

Фото: instagram.com/kris.p.almaty

Желіде жарияланған сурет кейіпкерлерін қалалық полиция іздеп жатыр.

Жасөспірімдер Алматыдағы көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарының бірінің қоршауында жиналып, балконнан аяғын төменге салбыратын отырды. Өздеріне қауіп төндірген еткіншектерді полицейлер әлеуметтік желі арқылы білді.

Хабарламаның авторы Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан «Гаухар Тас» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына жүгінді.

«Мүмкін, біреу балаларын таниды. Олар оныншы қабатқа, содан кейін 16-қабатқа ауысты», - деп жазды ол.

Полиция Instagram-да жарияланған хабарламаға жедел жауап берді.

«Біздің қызметкерлер дереу сол жерге кетті. Қазір Бостандық ауданының ювеналды полициясының инспекторлары жасөспірімдердің ата-аналарын олармен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін іздеуде. Ересектер балаларына қауіп-қатердің қаншалықты қауіпті екенін және қандай салдарларды күтуге болатындығын түсіндіруі керек», - деді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздік үшін жауап беретін күзет компаниясының қызметкерлерімен жеке әңгіме өткізгісі келеді.

Талқылау