AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"150 шаруа қожалығына су бармаған": Шымкенттік диқаншылар биылғы жемістер мен көкөністердің өніміне алаңдаулы

Шымкентте диқандар мен шаруа қожалықтары егінсіз қаламыз деп дабыл қағуда. Шенеуніктер суару арналарына жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп алып, шаруаларға әлі бермей отыр. Жағдай осылай жалғасатын болса мегополис импорттық өнімдерге қарағанда әлдеқайда арзан болып келген өзіміздің жеміс, көкөнісімізсіз қалайын деп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шымкентте осындай жағдайда 150 шаруа қожалығына биыл су бармаған.

Солардың бірі үш гектар жерге беде еккен Сайдислан Иманов. Ол биыл өнімін жақсарту үшін алғаш рет Италиядан қымбат тұқымдар алып отырғызған. Алайда енді олардың өліп қалу қауіпі басым болып тұр. 

“Қандай ұйым маған су беруі керек? Мен сотқа беремін! Өйткені сусыз егін шықпайды.
Шаруалар Кәсіпкерлер палатасына шағым жолдаған”,-деді Сайдислан. 

“Біз бүкіл қаланы өніммен қамти аламыз. Ол үшін бізге су керек. Тек бізге жағдай жасасын!
Мәселе тозығы жеткен суару арнасында болып тұр. Әкімдік күрделі жөндеуді жүргізуді ұйғарды. Бұл үшін 370 млн теңге бөлінді. Каналды жөндеу жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Қаңтар айында аяқтаймыз деп уәде бергенімен, суару маусымына да үлгермей қалып отыр”,- деді шаруа қожалығының төрағасы Мұталхан Сапарбаев.

“Мердігер кестеден кешікті. Бұл үшін оған айыппұл салынды. Суды келесі ай мамырда береміз. Каналдың құрылысы аяқталуға жақын. Диқандар вегетациялық кезеңді өткізіп алудан қорқады”,- деді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев. 

Жергілікті шаруалар өздері өндірген өнімдерінің арзанырақ болатынын алға тартады. Мәселен бұрын 2200-ден әкелінген құлпынайдың орнына шымкенттік құлпынайдың келісі 500 теңгеден сатылған. Көкөністердің бағасы да әлдеқайда арзан болған.

Экономист Меруерт Махмұтованың айтуынша егер бұл міндетте үкіметтің басымдығы болса, Қазақстан өзін егін және мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ете алады. Экономист 90-жылдары ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің 34 пайызын берсе, қазір 4-5 пайыз деңгейінде екенін айтады. Бұндай жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі туралы айту мүмкін емес.

“Ауыл тұрғындарына жер беріп, тұқым беріп, шаруашылықты айналдыруына қолдау танытылса, кейін шыққан өнімді өткізуін ұйымдастыруда көмектессе ішкі тұтынуды еш қиындықсыз ешуге болатын еді. Үкімет 2025 жылға қарай азық-түлік өнімдерін 100% алмастыруды жоспарлап отыр. Алайда қазірдің өзінде шағын шаруа қожалықтарын ең қажеттісімен қамтамасыз ете алмай отырғанда, бұның қаншалықты мүмкін болатыны белгісіз”,- деді экономист, “Қоғамдық саясатты зерттеу” орталығының директоры Меруерт Махмұтова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр