Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Құрылысы салынып бітпеген тұрғын үй кешенін қирату үшін әкімшілік тарапынан 150 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. 

"Территория комфорта" тұрғын үй кешенінің құрлысы 15 жыл бойы жүргізіліп келеді. Алайда 2004 жылдан бері жыр болған бұл баспаналардың мәселесі осыған дейін қала әкімшілігін алаңдатқан емес. Тек жаңа келген әкім Алтай Көлгінов тұрғын үйлерге қатысты мәселеге назар аударған көрінеді.

"Бұл нысанның құрылысын әрі қарай жалғастыруға келмейді. Жарамсыз. Сондықтан, демонтаж жасап, жаңасын саламыз. Бұл мәселе бойынша инсвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Тамыз инвест групп" компаниясы үйді салып бастаған. Алайда, үлескерлердің ақшасын жинап алып, құрылысты соңына дейін жеткізбепті. 15 жыл уақыттың ішінде салынбаған кешеннен 500-ден аса пәтер иесі әлі үмітін үзген емес. 

"Осы 15 жылдың ішінде осы проблеманы көтере алмай 30 шақты адам қайтыс болды. Қанша адам онкологиялық дертке шалдықты. Әйтеуір, осынша уақыттан кейін жергілікті әкімдік көзін ашып, назарға алды. Бұл нысанды бұзғанымен жаңа үйді де осы жерге салады. Себебі, бұл жер осы тұрғын үй кешеніне ақша салған үлескерлерге тиесілі", - дейді үлескер Анар Серкебаева.

"Территория комфорта-1" тұрғын үй кешенінің мәселесі Нұр-Сұлтан қалалық маслихатының сессиясында кеңінен талқыланды. Алайда, бұл жайға қатысты қаражат мөлшерін тиісті басқарма басшылығы да дұрыс түсінбеген. 

Қазіргі таңда құрлысы толық бітпеген ғимараттар үйсіздердің түнейтін жеріне айналып, дәретхана да болып үлгерген. Ал қатты дауылдан кран құлағанда тұрғындардың тіпті зариманы қалмапты.

"Жақсарту үшін емес, бұзу үшін. Қағазда абаттандыру үшін деп жазылған. Жоқ, алдымен кешен бұзылады. Сома әлі анықталған жоқ. Осы уақытқа дейін біз 150 миллион қаржы бөліп жатырмыз", - дейді қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манкараев.

Ал, «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің қашан бұзылатыны белгісіз. Әзірге, құжаттары реттелуде. Осы ғимараттан пәтер аламыз деп үміттенген үлескерлер жаңа нысанды да дәл осы жерге салып береді деген сенімде.

"Жеті жыл болды күтіп жатқанымызға. Не жер жоқ, не ештеңе салынбаған. Проектіні үш рет ауыстырған. Әкімшілік үйді алып тастады. 4 қабатта үй жоқ. Проектіде болған. Оны енді салмаймыз, ақша жоқ дейді", - деді тағы бір үлескер Айнұр Тұрсынбайқызы.

Талқылау