Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жастағы жиенін зорлап жүкті қылып қойған ОҚО тұрғынына сот үкім шығарды

Өзінің кішкентай жиенін зорлаған 61 жастағы ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Адам шошырлық оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар-ата ауылында болған.

юкокыз0411

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.

Егде ер адам 15 жастағы жиенімен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Ол қыздың 10 жасынан бастап 5 жыл бойы интимдік байланыс жасауға мәжбүрлеп отырған. Ал 15 жастағы қыз болса нағашысынан жүкті болып, босанып алған. Арнайы сараптама да нәрестенің зорлықшының баласы екенін дәлелдеген.

“Мен оған айттым, қыздың құжаттарын дұрыстайық, ол оқысын деп. Ал ол маған басымды ауыртпа деген, енді міне не болып отыр”, – дейді қыздың анасы Жанатгүл Баелова.

Бұл оқиға интернетте жария болғаннан кейін қоғамдық шу тудырды. Зардап шегуші тараптың өтінішінен соң ер адам қамауға алынған. Оған қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағлып, тергеу төрт айға созылған.

“Ер адам 2011-2015 жылдар аралығында кәмелетке толмаған қызды зорлап келген”, – деп хабарлады ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істерді қарайтын сот судьясы Әбинұр Қарабаев.

Сот отырысы жабық режимде өткізілді. Зорлықшы өз кінәсін толықтай мойындаған. Мемлекеттік айыптаушы оған 20 жыл кесуді сұрағанымен, сот судьясы айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Оқи отырыңыз:

Қорқыныш пен дүрбелең: Қазақстанда болған 6 ащы әзіл (видео)

Ақжаркын Тұрлыбай нигериялық наркомафияның құрбаны болған

Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кетті

Қарағанды облысында емшектегі сәбиі бар әйел Сириядағы соғысқа аттанған

Талқылау