Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жастағы мексикалық қыз туған күніне бір миллион қонақ шақырды

Мексикалық 15 жастағы Руби Ибарра Гарсияның ата-анасы қыздарының туған күн мерекесіне миллионға жуық адамды қонақ етіп шақырған.

Безымянный

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Қазір Мексикадағы әлеуметтік желілерде осы тақырып ең бір талқыланатын әңгімеге айналып тұр.

“Біз сізді 26 желтоқсан күні Ла-Хойа ауылында қызымыздың 15-ке толған туған күніне шақырамыз”, – деген әкесінің сөзі бар видео әлеуметтік желіде жарияланған.

Ол сондай-ақ, туған күн кешінде қандай музыкалық топтар өнер көрсететінін де айтқан. Осыдан соң мыңдаған адам мерекені атап өтуге дайын екендіктерін айтыпты. Ал қазір олардың саны миллионға жеткен. Тіпті келемін деп ниет білдіргендердің әрбір 100-шісі ғана келгеннің өзінде бұл Гарсия отбасына үлкен салмақ түсіруі мүмкін. Өйткені олар небәрі 200 адам ғана мекен ететін ауылда орналасқан.

Тіпті Рубидің туған күнінен шетелден келемін деушілер де табылған. Ал бұл өз кезегінде жергілікті биліктің алаудаушылығын тудырып отыр.

Ал думанды кешке музыкалық топтармен қатар Veracruz футбол командасы толық құрамда келмек. 15 жасқа толған туған күнді атап өту Мексикада кеңінен таралған.

Оқи отырыңыз:

Үнді азаматы әйелі секспен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Тойына тікұшақпен келмек болған қалыңдық көз жұмды (фото)

Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды

Талқылау