15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген
Видеодан скрин
Өзбекстанның Сурхандария облысында 15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Өзбекстанның ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, 2025 жылдың шілде айында махалле басшысы мен әлеуметтік қызметкерлер қыздың отбасының жасөспірімді тұрмысқа беру ниеті бар екенін білген. Олар тексеру жүргізіп, баланы тұрмысқа беру заңсыз екенін атап өтіп, ресми ескерту жасаған көрінеді.
Ескертуге қарамастан, отбасы 2025 жылдың 10 тамызында үйлену тойын өткізген.
Желіде тараған видеода қыз ағасы шашын алып тастағанын, кеткісі келетінін айтады.
Өзбекстанда тойларда шамадан тыс ақша беріп, көп қонақ шақыруға тыйым салынды
Қыздың әкесі мәлімдеме жасап, қызының тұрмысқа шыққалы жатқанын білмегенін айтты. Ер адамның айтуынша, бұрынғы әйелі бес жыл бұрын Мәскеуге жұмыс істеуге кетіп, ал қызы нағашы әжесінің қолында қалыпты. Әжесі қыздың әкесімен кездесуіне тыйым салған.
Қазір іс құқық қорғау органдарының қарауында. Жасөспірімге үйленген 28 жастағы ер адамның үсітнен “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ шариғат бойынша неке қию рәсімін өткізген 75 жастағы ер адам да жауапершілікке тартылмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында өгей әкесі 15 жастағы қызды 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге бергені туралы жазған едік.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
