"Інісі мен ағасы жанып кеткен": Алматылық полицей жанып жатқан үйден қарт кісіні аман алып қалды

Алматы полицейі жанып жатқан үйден 71 жастағы зейнеткерді құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап.

Ірі өрт 2 қазанға қараған түні болды. Өрт Лазарев көшесіндегі жеке үйді шарпыған. Өрт шыққан кезде үйде адамдар болған. Бірінші болып көршілер дабыл қағыпты.

"Оянсам, өрт болып жатыр. Полицейлер қақпаны қағып, бәрімізді оятты. Олармен бірге аулаға жүгірдік. Полиция  терезелерді шағып, ер адамды алып шықты.Ал қалғандарын, өкінішке орай, құтқара алмады. өйткені үй тұтастай жанып жатты", - деді оқиға куәгері.

Жақын маңдағы үйдің тұрғыны отшашу сияқты дыбыстардан оянғанын айтты.

"Терезеге қарасам, өрт болып жатыр екен. Көршілеріміз жанып жатыр деп ойладым. Сіңлімді оятып, аулаға жүгірдік. Қарасам, полиция көлігі тұр. Қазір ғана келгені көрініп тұрды, көп адам болған жоқ. Полиция қызметкері жанып жатқан үйдегі адамдарды құтқаруға жүгірді. Оттың арасына кіріп қарт кісіні алып шықты", - деді ол.

Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бектемір Қайынбаев түнде Лазарев көшесінен өтіп бара жатып, үйдің төбесінен жалын шыққанын көріп қалған.

"Бірінші кезекте мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятып, олардан қауіпсіз жерге баруын өтіндім. Көрші аула арқылы мен қуыс үйдің ауласына кірдім. Үйдің терезесін сындырып, қарияны шығарып алдым. Дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Өрт ошақтары толығымен жойылғанға дейін сол жерде болдым", - деді Бектемір Қауынбаев.

Өрт кезінде үйде 71 жастағы ер адам, оның 33 жастағы өгей баласы және 15 жастағы немересі болғандығы анықталды. Өкінішке орай, жасөспірім мен оның ағасы қайтыс болды. Зейнеткердің өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр