"15 жасында тұрмыс құрған": Он төртінші баласын дүниеге алып келген келіншек бақытты екенін айтты

42 жастағы Алматы облысының тұрғыны он төртінші баласын өмірге алып келді. Сәрсенбай мен Гүлназдың отау құрғандарына биыл - 27 жыл. Келіншек 15 жасында тұрмыс құрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап. 

Кербұлақ ауданының тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді. 42 жастағы әйел 10 қыз, 4 ұлдың анасы атанып отыр.

Отбасында егіз де, үшем бала да жоқ. Жолдасы екеуі өткен аптада туылған шекесі торсықтай ұлының есімін Нұрғалым деп қойыпты. 

Сәдуақасовтар отбасында дүниеге келген 14-баланың есімін Нұрғалым деп ырымдап қойған. Сәуірдің 5-і күні ғана өмір есігін ашқан нәрестелерін Сәрсенбай мен Гүлназ асыға тосқандарын айтады.

"Әр бала дүниеге келген сайын қуаныштымыз. Құдайдың берген сыйы. Біздің өміріміздің мәні. Біздің байлығымыз. Өмірге деген құлшынысымызды оятып, көңілімізді көтеретін бала-шағамыздың арқасында қандай қиындық болса да жеңіуге тырысамыз", - дейді көп балалы ана Гүлназ Шәкенова. 

Сәрсенбай мен Гүлназдың отау құрғандарына биыл - 27 жыл. Осы аралықта 10 қыз 4 ұлды өмірге әкелді. Онымен қоса, екеуі бақытты ата-апа атанып отыр. Тұрмыстағы үлкен екі қызынан екі жиені бар. Жалпы, көпбалалы болу  үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. Өйткені, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, қатарынан қалдырмай өсіріп-жеткізу де оңай шаруа емес.

"Балалар көптік етпейді. Алланың бергені ғой. Әр баланың нәсібі өзінде. "Бір қой артық туса, бір жусан артық шығады" дейді ғой. Қазақта мақал бар ғой. Ешкімге тәуелді жасамаймыз енді. Біз осындай бала таптық, бізге анандай бер, мынандай бер демейміз ғой. Алланың берген балалары. Өзіміз асырап жатырмыз, бағып жатырмыз", - дейді көп балалы әке Сәрсенбай Сәдуақасов.

Сәрсенбай Сәдуақасов көп баланың ата-анасы болудың қызығы мен қиыншылығы туралы да айтты. 

"Әр балаға жеке көңіл бөлу керек. Өйткені әрқайсының мінезі, көзқарасы бар. Отбасым ешнәрседен тарықпауы үшін мен дәнекерлеуші, жүргізуші, құрылысшы мамандықтарын меңгердім. Үйдің жұмыстарына балалар көмектеседі. Үнемі бір-біріне қолдау көрсетіп отырады", - дейді Сәрсенбай Сәдуақасов. 

"Көпбалалы отбасы болғаннан кейін қиыншылық та болады ғой. Енді, көп ауыртпашылық әкемізге түседі ғой, енді. Қазіргі таңда енді. Қазіргі таңда өзім әкімдікте программист маманы болып жұмыс атқарып, әкеме көмек-жәрдем беріп жатырмын", - дейді Ұлан Сәрсенбайұлы.


"Бесеу болады деп ойладым, бірақ он бала босандым": Шымкенттік ана өз оқиғасымен бөлісті


Жалпы, бұл отбасы - спортшылар жанұясы. Балалардың көбі әке жолын жалғап, еркін күреспен шұғылданады. Солардың қатарында бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, үздік нәтиже көрсеткені - Айжан. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері қазір аралас жекпе-жектен ел намысын қорғап жүр.

"Қазақстанды ұттым, мастер орындадым. Енді алдымызда әлем чемпионаты өтеді. Соған қызу дайындықтамыз. Сол әлем чемпион болсам, ары қарай UFC-ге бе бұрсам деген ой болып тұр. Тек қана UFC -да төбелесіп, Қазақстанның туын желбірету мақсаты, сол бірінші қазақ қызы болайын деген шешім қабылдадым", - дейді көп балалы отбасынан шыққан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айжан Сәрсенбайқызы.

Аудан орталығындағы бұл үй осыдан екі жыл бұрын Сәдуақасовтарға көп балалы отбасы ретінде берілген екен. Осылайша, балаларының арқасында баспаналы болған Сәрсенбай мен Гүлназ да шамамыз келсе, әлі де сәби сүюден үміттіміз деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр